admin_kgu-amangeldinskaya-srednyaya-shkola
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ресми сайт

"Менің отбасымның портреті"

"Менің отбасымның портреті"

8 қыркүйекте "Амангелді орта мектебі" КММ-де Отбасы күні аясында "Менің отбасымның портреті"атты іс-шара өтті.

Оқушылар ата-аналарымен бірге өз отбасыларын шығармашылық жұмыстар арқылы таныстырды, отбасылық дәстүрлер, құндылықтар және маңызды сәттер туралы әңгімеледі. Іс-шара отбасылық байланыстарды нығайтуға, туыстарына құрмет көрсетуге және әр адамның өміріндегі отбасының маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Қатысушылар өздерінің отбасылық тарихының бір бөлігін қуана-қуана бөлісті және сүйіспеншілік, қамқорлық, өзара түсіністік пен қолдау отбасын берік және бақытты ететінін көрсетті.

Бөлімге оралу «Жаңалықтар»