admin_kgu-amangeldinskaya-srednyaya-shkola
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ресми сайт

«Менің Қазақстаным: ел болашағына қосар үлесім»

«Менің Қазақстаным: ел болашағына қосар үлесім»

«Амангелді орта мектебі» КММ 1–11 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным: ел болашағына қосар үлесім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты барысында оқушылар әр адамның Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне қосатын жеке үлесінің маңыздылығын, өз елінің болашағына деген жауапкершілікті, білім алудың, еңбектенудің, игі істер атқарудың және азаматтық белсенділіктің маңызын талқылады.

Сонымен қатар, сынып сағаты аясында оқушылардың қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіздік сабағы» өткізілді.

Іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді, жауапкершілікті, өз еліне деген құрметті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.

Бөлімге оралу «Жаңалықтар»